Обычаи и традиции, связанные с привязыванием кобыл, приготовление кумыса: • Кумыс мурындык • Отцепка кобыл • Осенний кумыс Внесен в Репрезентативный список ЮНЕСКО в 2018 году.

Бие байлау – бие сауып, қымыз ашыту. Дәстүрлі ортаның бие байлап, қымыз сауу маусымында атқарылар еңбекке қатысты дәстүрінің ішіндегі салтанатты салтының осы бірі - бие байлау. Ел жайлауға шыққан кезде сауылатын биелерді бөле бастайды. Алдымен желі тарту үшін қазықтар қағылады, бірінші қазықты жылда арнайы қазық қағып жүрген тоқпақтың сабына ақ мата байлап, үлкен ақсақалдардың бірі қағу ишарасын жасайды. Желі тартқанда әрбір бес құлынның ортасына бір қазық қағылады. Желі маңы биебау деп аталады. Әйелдер сабалар мен көнектерді әбден жуып, желінің басына кептіреді. Малым құт әкелсін деген ниетпен биебаудың үш қазығының, желі арқанның басына, айғырдың жалына, биенің сауырына сары май жағады. Одан кейін шу асау құлындарды шалма, құрықтың көмегімен ноқталап желіге байлайды. Алғаш байланған құлындардың мойны созылып қалмас үшін үйренгенше үнемі бақылауда ұстайды. Құлындарды желіге байлаған соң, биебаудың шайын дайындайды. Желінің басына шай жасалып, жиналған жұрт құрт, ірімшік, тоқаш т.б. тамағымен келеді. Мұны «шашу шай» дейді. Желі басында жайылған дастарқанға үлкен-кіші, бала-шағалардың барлығы келеді. «Байлар көбейсін» деген игі ниетпен бата-тілектер айтылады. Қазақ жылқысына қатысты мерекелік салт-дәстүр ретінде жылы ЮНЕСКО ұйымының «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне» енгізілген (Порт-Луи қаласы, Маврикий, 26.11 - 01.12.2018).