Мукашева Гульсара Карашевна 1965 жылы 21 ақпанда Ақмола облысында дүниеге келген.
1982-1987 жж. – Целиноград қаласындағы С. Сейфуллин атындағы мемлекеттік педагогикалық институты, филология факультетін тәмәмдады. Ресей Федерациясы Омбы қаласындағы Ф. Достоевский атындағы мемлекеттік университетінің ғылым магистрі, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының докторанты.
Өзінің қызметтік жолын 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейінде кіші ғылыми қызметкері міндетінен бастаған.
2004-2022 жылдар аралығында Президенттік мәдениет орталығында, «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінде, «Астана Ұлттық сурет галереясы» РММ-де, ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде бас қор сақтаушы қызметтерін атқарды.
2022 жылдан бастап ҚР Ұлттық музейінің Консервация және реставрация қызметінің басшысы, 2024 жылдан бері Қор жұмыстары қызметінің басшысы (бас қор сақтаушы) қызметін атқарып келеді.
Г.К. Мукашева 2009 жылы біліктілігін арттыру мақсатында Санкт-Петербург қаласының Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде «Музейлердің қор және экспозициялық қызметі» тақырыбында дәріс алды. 2009 жылы АҚШ Елшілігі жанындағы Smithsonian Institution-тің семинар-тренингіне қатысты. Санкт-Петербург қаласындағы музейлерде тәжірибе алмасу бойынша (Орыс музейі, Ресей этнографиялық музейі, Эрмитаж), Лондондағы Британия музейі, Виктория мен Альберт музейі, Жаратылыстану музейі, Императорлық Әскери музейінде тағылымдамадан өтті.
Музей жинақтарының ең басты құндылықтарының бірі оның ақпараттылығының толықтығы мен ғылыми айналымға енгізілуі саналады. Г.К. Мукашева осы бағытта да ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мыңдаған экспонаттың сипаттамасын жасап, бірегей экспонаттардың ғылыми төлқұжатын түзіп, нәтижесінде толыққанды зерттелген экспонаттардың каталогтары, бүктемелері мен жолсілтемелері жарық көрді.
Мәдениет саласындағы көпжылдық жемісті қызметі елдің рухани өмірін дамытуға елеулі үлес қосты. Әсіресе, ұлттық мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға бағытталған іргелі жобаларды жүзеге асыруда айрықша белсенділік танытты. Соның ішінде Астана қаласында Ұлттық сурет галереясының ашылуына зор үлес қосып, бейнелеу өнерін кеңінен танытуға, кәсіби өнер мен көрермен арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.
Сонымен қатар, Әскери-тарихи музейінің ашылуына атсалысып, ел тарихындағы маңызды кезеңдерді, әскери мұра мен отансүйгіштік рухты жас ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған игі істің бастауында болды. Бұл мәдени нысандардың қалыптасуы мен дамуы ұлттық сана мен тарихи жадыны жаңғыртуға қызмет ететін маңызды орталықтарға айналды.
Мәдениет саласындағы осы елеулі еңбектері жоғары бағаланып, мемлекеттік және салалық деңгейдегі бірқатар марапатқа ие болды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы:
-
«Ерең еңбегі үшін» ордені - 2025 ж.
Ведомстволық наградалар:
-
І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі, ҚР Қорғаныс министрлігі - 2017 ж.
-
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі - 2020 ж.
Медальдер:
-
«Сағадат Нұрмағамбетов» медалі, ҚР Қорғаныс министрлігі - 2015 ж.;
-
«ҚР Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалі, 2015 ж.;
-
«ҚР Қарулы Күштеріне 25 жыл» медалі, 2016 ж.
-
«За заслуги в культуре и искусстве» медалі, Ресей Федерациясы - 2019 ж.
Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы түрлі ведомстволарының, шет елдердің көптеген дипломы, грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталды.
Музейлік жұмыс өтілі – 32 жыл.