Халықаралық байланыстар бөлімі

Халықаралық қатынастар бөлімі музейді халықаралық аренада таныту және ілгерілету, шетелдік музейлік және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен байланыс орнату мен дамыту жұмыстарымен айналысады.
Бөлім қызметі музей мен шетелдік әріптестер арасында бірлескен көрмелік, ғылыми-зерттеу жобалары мен кәсіби бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы тұрақты диалог орнатуға бағытталған. Халықаралық байланыстар бөлімінің негізгі қызметі:
circle-checked • Музейдің шетел музейлерімен халықаралық ынтымақтастықтың тұтас жүйесін ұйымдастыру;
circle-checked • Мәдениет мекемелерімен халықаралық ынтымақтастық саласына қатысты мемлекеттік мәдениет саясатының бағыттары, негізгі міндеттері, формалары мен мазмұны бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
circle-checked • Музей ісі саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеу, музей басшылығы мен қызметкерлерінің сапарларын ұйымдастыру, үйлестіру және хаттамалық сүйемелдеу, шетелдік мамандардың қатысуымен тағылымдамалар, дәрістер мен конференциялар ұйымдастыру;
circle-checked • Музейдің көрмелік жұмыс жоспарын қалыптастыруға қатысу, музейде және шетелде жүзеге асырылатын көрмелік жобаларды сүйемелдеу және үйлестіру;
circle-checked • Музейдің шетелдік қонақтарына хаттамалық, визалық және логистикалық қолдау көрсету;
circle-checked • Шетелдік мәдениет мекемелерімен іскерлік хат алмасу және келіссөздер жүргізу.

Жобалар

Шетелдік музейлермен бірлесе отырып, көрмелер, дәрістер, конференциялар ұйымдастыруға қатысамыз, басқа да көптеген қоғамдық шаралар мен жобаларды жүзеге асырамыз. ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері еліміздің ғылыми келбетін қалыптастыратын халықаралық ғылыми конференцияларға, баяндамаларға қатысады. ҚР ҰМ қорынан алынған жәдігерлермен халықаралық іс-шараларға қатысу шетелде ел туралы білімнің кеңеюіне ықпал етеді.
ҚР ҰМ халықаралық ынтымақтастық шеңбері жыл сайын кеңейіп келеді. Музей алыс және жақын шетелдердің музейлерімен, мұрағаттарымен, кітапханаларымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен ғылыми ынтымақтастықты дамытады.
Қазіргі уақытта мәдени-ағарту іс-шаралары аясында ҚР ҰМ Грекия, Корея, Венгрия, Қытай, Иран, Египет, Үндістан, Солтүстік Македония, Франция, Италия, Америка және Ресей елшіліктері мен консулдықтарымен мәдени ынтымақтастықты қолдайды және нығайтады.