Емшілік және сәуегейлік білімдер: - - сынықшы (оташы) - - тамыршы - - емші - - тәуіп - күләп айту (арбау) - - құмалақ ашу - жауырын ашу - көріпкелдік

Қазақ бақсылығының кейінге дейін қаймағы бұзылмай сақталған негізгі қызметі – емшілік. Шамандық сенім бойынша адам екі түрлі жолмен ауырады: 1. Зиянкес (злые духи) тәнді жайлап алады; 2. Зиянкес тәннен жанды ұрлап алады. Бақсылық емі де, негізінен, осы екі зиянкестік әрекетке қарсы бағытталады, яки бақсының емшілік қызметі мынадай: 1. Тәннен зиянкесті қуу; 2. Ұрланған жанды тәнге қайтару. Әу баста бақсыға тән көп қызметтер кейіннен арнайы мамандарға көше бастайды. Соның бірі – болжаушылық міндет. Қазақта ол бірте-бірте жауырыншыға, ырымшыға, балгерге ауысқан. Келтірілген мысалдар бақсы бойындағы болжаушылық қызметтің реликтілік сипаттарын айқындайды. Бұл – бір. Екіншіден, бақсының басты қызметі емшілікке келетін болсақ, бақсы сырқатты емдеп қана қоймайды, оның өткені мен болашағына міндетті түрде болжам жасайды. Болжам магиялық тәсілдерді қолданумен ғана шектелмейді. Бақсылар көбінше тамырдың бүлкіліне қарап-ақ аурудың себебі неден болғанын және неге апаратынын айырады. Сөйтіп, болжаушылық – бақсы атқаратын негізгі ырыми міндеттердің бірі болып табылады.