Игра тоғызқұмалақ Внесено в Репрезентативный список ЮНЕСКО в 2021 году Казахстан, Киргизия, Турция.
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойындары ішіндегі ескі мұраларының бірі. Бұл ойынның басқа ұлттық ойындардан ерекшелігі өте күрделі, ойнаған адамның зейін-зердесін ашып, есепке икемділігін арттырып, тез тапқыштық қасиетін күшейтеді.
Ол ежелгі түркілер қасиетті санаған тоғыз санына негізделген. Тоғызқұмалақты кезінде қойшылар көп ойнайтын болған. Ойынды кейде «қойшылар алгебрасы» деп те атаған. Бұл ойында бір жағында тоғыз, екінші жағында он сегіз ұя болып, әр ұяға тоғыз құмалақ түседі. Ал екі басында әзірленген екі шұңқыр «отау» делінеді. Мұнда құмалақтың сөзсіз сексен бір болуы шарт емес. Кейде бір жағынан бес, жеті шұңқыр қазып та ойнай береді. Қалайда шұңқыр тақ болуы керек. Ойынды бастағанда жеребе арқылы кезек алған адам солдан оңға қарай жүреді. Жүргенде өзінің құмалақ алған ұяшығына құмалақ тастап, басқа ұяшықтарға бірден тастап отырады. Қарсы жақтың ұясына жұп болса, сол ұя босатылуы керек, яғни құмалақты жүруші жақтың үлкен отауына жинап, ұяшыққа толтырады. Жүрісте арадағы босаған шұңқырды «майжалақ» деп бір рет қолдың үстімен жалатып өтуді ұмытпау керек. Ұмытылса, «үйін ұмытқан қаңғыбас» болады. Егер жүрушінің соңғы құмалағы өз ұясына түссе, ол алынбайды. Келесі жүріске мүмкіндік алған қарсы жақтың мақсаты қарсы жағының тақ санды құмалағына өзінің соңғы тасын салып, ондағы құмалақты жұптастыру арқылы өз отауына түсіруді мақсат етеді. Мұнда тоғыз құмалақтың әрқайсысына ат берілетін болады. Қалайда қарсы жақтың үлкен отауы құр қалса, «қазаны қаңыраған», «қатыны өлгені» болғаны.
Тоғызқұмалақ ойыны Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мемлекеттерінің ұсынысымен 2020 жылы ЮНЕСКО ұйымының «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне» енгізілген (Париж қаласы, Франция, 17.12.2020).