Шай мәдениеті, шайға байланысты ғұрыптар:
Шай қазақтардың тамақтану мәдениетінде өзіндік орынға ие болды. XIX ғасырдың ортасына дейін шайды негізінен ауқатты қазақтар ішкен. XIX ғасырдың ІІ жартысында шайды қазақ қоғамының барлығы пайдаланды. Шай қазақтарға Ресей арқылы жеткен және оны көшпенділердің қолдана бастауы олардың тұрмыс салтының өзгеруімен байланысты болды. Қазақстанда шайдың және шай ішу рәсімінің кең етек жаюы ХІХ ғасырдың екінші жартысынды орын алды. Оның негізгі таратушысы Ресей әкімшілігі еді. Шай алдымен қазақ қоғамының ақсүйектері – хан, сұлтандар арасында таралды.
Уақыт өте келе қазақтардың шай ішуі рәсімге айнала бастады. Қонаққа деген құрметі шайды кім және қаншалықты құйғанына байланысты ажыратылатын болды. Егер шайды кесеге толтырып құйып беретін болса, сіз шықырылмаған қонақ ретінде қабылданасыз. Шайды аздап: жартылай немесе кесенің түбіне құятын болған. Алдымен сүт құяды, содан кейін барып шайды құяды. Қазақстанда шай ішу рәсімі әр өңірде әртүрлі. Республиканың оңтүстігінде – Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Қазақстанның Атырау, Маңғыстау облыстарында және Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығыс бөліктерінде шайды кішкене кеселерге құйып береді, ал басқа өңірлерде – орташа немесе үлкен кеселерге құяды. Мұндай ерекшелік бұл өңірлердің табиғи-климаттық жағдайларына тікелей байланысты.