Көрұғлы жыры

«Көрұғлы» жыры ғұмырнамалық шығарма болып табылады. Жыр бас қаһарман Көрұғлының әкесіне, өзінің жорықтарына, ұлдары мен немересінің ел қорғау және батырлық үйлену жолындағы әрекеттеріне арналған. Жыр ХVІ-ХVІІ ғасырларда Солтүстік Хорасан мен Оңтүстік Әзірбайжан арасын мекен еткен түркімен халқында пайда болған.

Эпостың қазақ, әзірбайжан, армян, иран, грузин, түрік, татар, құмық, тәжік, өзбек, қарақалпақ ұлттық версиялары бар.