Кестелеу өнері ЮНЕСКО-ның 2026 жылғы қарауына ұсынылды

Қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл-күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұранысының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал-саймандар: кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пласмассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті кию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т.б. жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті матаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материялдар – канва, тегіс боялған мата.