Тасаттық беру
Тасаттық – сол тамыры терең сеніммен түбірлес салт. Өзегі үзілмеген жалғасының бір түрі. Негізінен шаман діні сеніміңдегі құдірет иелері саналатын аспан тәңіріне, бұлт тәңіріне бас иіп, жалбарынудан қалған көне дағдының салтқа айналған көрінісі тәрізді. Жаңбыр жаумаған, құрғақшылық зардабын шеккен шақта жұрт осы сенім жосығымен құрбандық шалып, жақсылық тілейді. Алайда кейін келсе де өркен жайған ислам діні қағидаларының ықпалы салдарынан бұл көне сенім санадан өшкенімен, тұрмыстағы қалдығы қайырымдылық күткен тілеудің ғибратты нысанына ауысқан түрі бар. Ырым жосынымен сақталған. Бұл да ырымдық игі ниетке ғана арналады.
Тасаттық – құрғақшылық жылдары көктен жаңбыр жаууын тілеп, ұлы тәңірге, аспан киесіне шын ықыласпен ақ ниет таныттатын жосын. Ежелгі сенім бойынша көк аспан да, найзағайлы бұлт та –Тәңір. Ислам діні кең қанат жайған соң адамдар сеніміндегі көне ұғымның орнын Алла тағаланың кұдіретіне бас иген сенім басты. Соңдықтан тасаттық беру сауық емес, құдыретке сыйыну, адамдардың ұлы киелерге бас иіп, жалбарынуы, мейірі мол Алла тағаладан шапағат тілеп, ықыласын өздеріне аударуы. Сол үшін садақаларын аямайды. Алладан өзінің шапағатымен жердің бетін жайнатып, шөп пен егін өсіруін, дүниені қаталатпай, су беруін өтінеді. Сол үшін алла тағаланың жолына арнап құрбан шалады.
Тасаттыққа ауыл-аймақ, үлкен-кіші, кәрі-құртаң, аш пен тоқ, бай мен кедей жиналып, ниеттерін тоғыстырады. Бір дастарқанның басыңда отырып тілеу тілейді. Бір қазаңда піскен асты ықыласпен бөлісіп жейді. Малды қоңды, жердің бетін отты, адамдарды тоқ етуін сұрап, Алла тағалаға жалбарынады. Сұрайтыңдары жаңбыр. Ылғал болмаса астығы, шабатын шөбі қурайды да, тіршілік күйреуге ұшырайды. Ұлы тәңірден көптің көз жасын көруді, елдің ырысын суалдырмай, тынысын кеңейтуді, сол үшін жаңбыр жаудыруды өтініп, алақаңдарын көкке жаяды.
Тасаттық берген ауылдағы адамдар құдай жолына арнаған садақаларын ортаға салады. Тасаттық асын беру үшін белгіленген жерге қазан-ошақ орнатылып, ішіп-жем мол әзірленеді. Ауылдың ақ ниет қариялары тілеу тілеп, дұға оқиды. Аспанға қолдарын жайып, құдай жолына арнаған құрбаңдық малға бата жасайды.