Адай жылқысын өсіру және баптау

Адай жылқысы – салт мінілетін қазақ жылқысының бір тұқымы. Бұл жылқының эволюциялық даму жолы өте күрделі. Мініске шыдамдылық, желігіштік және бірқатарының теңбіл көк түсті болып келуі араб тұқымды жылқыларға ұқсастығын, ал қарабайыр, қазанат – жүрдектігі жағынан Түрікмен жылқысы – Ахалтекенің белгілері бар екенін көрсетеді. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда жүріп, күтім талғамайды. Адай жылқысының мойны қысқа омыраулы, арқасы түзу, сауыры солыңқы, жуан жіліншігі етсіз, мықты құйма тұяқты болып келеді. Адай жылқысы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында өсіріледі. Адай жылқысының басты ерекшелігі – 50-60 шақырымға шауып келіп қан айналысын өлшеген кезде, дене температурасын дереу түсіреді. Ентігін тез басып, қан айналымы тез қалпына келеді. Яғни тез демалып, келесі қашықтыққа тез дайын болады.