Қазақтың құсбегілік өнері: - бүркіт - сұңқар - қаршыға - ителгі салу, баптау 2016 жылы ЮНЕСКО ұйымының «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне» енгізілген (БАӘ, Австрия, Белгия, Хорватия, Франция, Чехия, Германия, Венгрия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Корея Республикасы, Қырғызстан, Монғолия, Морокко, Нидерландия, Пәкістан, Польша, Португалия, Катар, Сауд Арабиясы, Словакия, Испания, Сирия).

Құсбегілік (бүркіт, сұңқар т.б.) – ертеден келе жатқан қазақтың саятшылық өнерінің бір қыры. Құсбегілік өнерді алғаш зерттеген академик Әлкей Марғұлан «Қазақстанның көптеген ежелгі мәдени ескерткіштерінің ішінде кейінгі кезде назарға көп ілінбей жүрген біреуі бар. Ол – саятшылық өнері. Оның тарихи ескерткіш екеніне ешқандай күмән жоқ» деп жоғары баға берген. Қазақ халқы ертеден қыран тұқымдастарды (бүркіт, тұйғын, қаршыға, сұғқар, лашын т.б.) аңға пайдаланған. Құсбегі – қырындарды түрге, топқа, текке айыра білетін, оларды өз ішінен жікке туыстыққа, ұрпаққа бөле білетін адам. Бүркітші – бүркітті ұстай, баға білетін, оны аттылы-жаяу алып, аңға сала білетін, аң мен құстан орташа сауаты бар адам. Құсбегілік – қазақтың тектілігін, жігіттерінің серілігін, жүректілігін көрсететін өнер. Сұңқар аулау (құсбегілік) кәсібі БАӘ, Австрия, Белгия, Хорватия, Франция, Чехия, Германия, Венгрия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Корея Республикасы, Қырғызстан, Монғолия, Морокко, Нидерландия, Пәкістан, Польша, Португалия, Катар, Сауд Арабиясы, Словакия, Испания, Сирия елдерінің ұсынысымен 2016 жылы ЮНЕСКО ұйымының «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне» енгізілген (Аддис-Абеба қаласы, Эфиопия, 28.11 – 02.12.2016).