Көкпар

Көкпар қазақ халқының дәстүрлі ат үстінде ойнайтын ойындарының бірі. Қазіргі кезде көкпар ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Көкпар жалпы көшпелі түркі тілдес халықтардың ортақ ойыны болған. Қазіргі кезде спортқа айналған көкпар, жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығын, ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Көкпар топтық ойын, сондықтан екі бір біріне қарсы топтан тұрады. Ойыншылар жарыс алаңына төреші рұқсат бергеннен кейін кіреді. Ойынның негізгі мақсаты – серкені бәсекеге түскен екі топ өз отауына /қазандық/ көбірек жеткізу болып табылады. Көкпар тек ат үстінде ойналады. Көкпардың бірнеше түрі болады. Көкпар арқылы қазақ жігіттерінің ат міну қабілеттері дамып, жауынгерлік мінездің қалыптасуы, ат үстіндегі шайқастарға дайын болуы насихатталады.