Ет асу және табақ тарту:

Жасы үлкен қарттарға, аса сыйлы қонақтарға тартылатын табақ. Бас табаққа сол қонаққа, тойға, асқа арналып сойылған уақ малдың басы, кәделі мүше болып есептелетін жамбас, оған қоса ортан не асықты жілік, екі-екіден сабақты және қанатты омыртқалар, 2-3 қабырға (жетім қабырға салынбайды), сүбе, бір білем құйрық, егер жылқы сойылса немесе қонаққа деп сақталған қазы, қарта, жал, жая қосып асылса, олардан да белгілі мөлшерде салынады.
Құда-құдағиларға тартылатын арнаулы табақ, Қостабаққа малдың сүбелі бас, жамбас, қазы сияқты кәделі   мүшелері тартылған. Қазақ құдаларын ерекше сыйлаған соң құрметін осы табақ тарту арқылды да көрсеткен. Жасы үлкен ақсақалдардан кейінгі ерекше сый құрметке лайық адамдарға тартылатын табақ. Бұл табаққа да бас, шеке, жамбас, жалпақ омыртқа секілді малдың кәделі мүшелері тартылатын болған.
Сыйлы, абыройлы, беделі бар үлкен ақсақалдардан кейінгі ерекше сый құрметке лайық адамдарға тартылатын табақ. Бұл табаққа да малдың кәделі мүшелері тартылатын болған.
Күйеу балаға тартылатын табақ. Бұл табаққа міндетті түрде төс салынады. Күйеуге төс тарту жоралғысы осы. Күйеуге төс тартуының өзі төс секілді майлы болсын, жайлы болсын, майдай жұмсақ, тәтті болсын деген ырымды ұстанған. Төс мұжыған күйеу табақ тартқан жеңгейлердің еңбегі деп босаған табаққа теңге салып қайтарған.