Алтыбақан – жастарадың ұлттық ойын-сауығы (Алтыбақан ойыны)

Қазақтың ежелгі дәстүрлі ұлттық ойын-сауығының бір түрі. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Алтыбақанда бір қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап тұрады да, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Бұл әткеншекті жас жігіттер мен қыздар көңіл көтеру мақсатында тебетіндіктен, көбінесе жұп болып бірін-бірі ұнататын қыз бен жігіт шығады, олар тербетіліп тұрғанда қосыла ән шырқайды да, олрдың әніне жанындағылар қосылады. Яғни алтыбақан тебу ойын-сауық арқылы жастардың эстетикалық талғамы мен этикалық қарым-қатынасын қалыптастыруда үлкен маңызға ие болды десек қателеспейміз. Бүгінде елімізде ұлттық мерекелік шаралар мен Наурыз мерекесі секілді мейрамдарда құрбы-құрдастар мен қыз-жігіттер жұптасып Алтыбақан тебу дәстүрі қолданысқа енгізілген.