Қобызда күй тарту өнері
Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындары да көп кездеседі. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
Халық қобыз дыбысын ерекше қастерлеп, қасиет тұтқан. Халық өміріндегі әр түрлі қуанышты, ренішті, жағдайлардың бәрінде де (жаугершілік, бәйге, ойын-той, т.б.) осы қобыз дыбысының сай-сүйегін сырқыратар әсерді үні пайдаланған. Қобызға екі шумақ қылдан қос ішек тағылады. Ішектердің әр шумағы орта есеппен 30-40 тал қылдан құралады.