Көне заманнан келе жатқан бақсылыққа байланысты туып, ата-баба аруағын қастерлеу, Көк тәңірге табыну, болашақты болжау, ауруды жын-перілердің жәрдемімен айықтыру т.б. байланысты қалыптасқан.
Қазақта адам баласының күнделікті өмірінде алдағы уақытта болатын істерді (алдыда болатын жақсылық не жамандық істерді) болжайтын, сәуегей адамды бақсы дейді. Бақсылардың бұндай құдіретке ие болуының себебін адамдар, құдаймен, тәңірмен тіке сөйлесе алуынан деп түсінеді. Ерте заманнан бері көшпенді қазақтарда қандайда бір қиыншылыққа тап болғанда бақсы көмегіне жүгінген, сол арқылы құдайдан, тәңірден жақсылық, шапағат сұраған.
Бақсы сарынының кейбір стильдік ерекшеліктерін саралауға болады. Олар: музыкалық-әуенді-сөздік құрылымы, октава көлемінен аспайтын шектеулі диапазоны, аралас метрикалық өлшемі және бірде диатоникалық, бірде хроматикалық жүйеге жуық әуендік негізі. Бақсылық үрдістің бірте-бірте жойылуына байланысты бақсы сарыны да сирек құбылысқа айналып, қазірде өмірден өшіп бара жатқан әдет-ғұрыптардың санатына қосылған.