Қыз Жібек

«Қыз Жібек» ғашықтық жырының қай ғасырда пайда болғаны туралы түрлі пікірлер бар. Кей деректерде ХVІ, ХVІІ, ХVІІІ ғасырлар деп көрсетіледі. Академик Сейіт Қасқабасов: «Қыз Жібек» ХV–XVI ғасырларда тұтас эпосқа, яғни көркем жырға айналған» деп мерзімдейді. Қалай болғанда да жырдың Қазақ хандығы құрылып, қазақ этносы қалыптасқаннан кейін туғаны анық. Жыр сюжетіне Жайық пен Қара теңіз бойын жайлаған қазақ рулары жағалбайлы мен шектіден шыққан екі жастың махаббаты арқау болған.

«Қыз Жібек» жыры 2008 жылы ЮНЕСКО-ның мерекелік күнтізбесіне енгізіліп, 500 жылдығын атау жөнінде шешім қабылданды.