Аза тұтумен байланысты фольклорлық мұралар:

Өлген кісінің қазасына қайғыру рәсімі. Аза үстінде марқұмның игі істері, қайырымдылығы еске алынады. Жиналған жұрт мұңды күй кешеді. Әбестік сөздер айтуға, күлкі-дабыра туғызуға тыйым салынады. Кісісі өлген үй тұлданады, туыстары қара жамылып, қайғы шегеді. Аза тұту өлген кісінің жылын бергенге дейін созылады. Жыл толып, асы берілгеннен кейін азалы ту жығылып, қаралы күй тоқтатылады.

Естірту қазақ халқының ғұрыптық дәстүрі. Музыкалық фольклор жүйесімен айтқанда қазақта ертеде елдің, халықтың немесе жеке адамның басына түскен қайғыны, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облысының елді мекендерінде тұратын көнекөз апа-әжелерде ғана сақталған. Қазаны естірту қазақ халқында өте жауапты іс саналған. Тіпті «Бөгенбайдың қазасын Абылай ханға естірту», «Тезек төренің Шыңғыс сұлтанға Шоқанның қазасын естіртуі», «Абыл ақынның Сүйінқараның қазасын естіртуі» сияқты айтулы оқиғалар тарихта, халық санасында өлең жолдарымен жатталып қалған. Жоқтау – дауыс қылу деп те аталады, қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Қазаны естіген жанашыр туыстар ауылға “ой,бауырым" деп ат қойып шауа келіп, атынан жығыла түсіп, жақындары жоқтау айтып, қайғылы сарынмен көріседі.