1980 жылы 16 шілдеде туған.
Білімі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінде білім алған. Тарих магистрі.
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек тәжірибесін Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында оқытушылық, декан орынбасары қызметтерін атқарған.
2008-2020 жж. аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінде тарихи-мәдени мұра басқармасының сарапшысы, кейіннен бас сарапшы, басқарма басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2020-2023 жж. аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Музейлерді дамыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік орталығының бөлім жетекшісі қызметін атқарды.
Ал, 2023 жылғы шілде мен 2025 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры болып жұмыс істеді.
2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық музейі директорының қор қызметі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
Бірқатар ұлттық және халықаралық деңгейдегі жобалар мен бағдарламалардың үйлестірушісі болып, орындалуына жетекшілік еткен.