Танымал ғалым Алан Оутрамның дәрісі ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми кітапханасында «Мәдени мұра» журналы редакциясының ұйымдастыруымен Эксетер университетінің (Ұлыбритания) профессоры, халықаралық деңгейдегі танымал ғалым Алан Оутрамның ғылыми-әдістемелік дәрісі өтті.

Ғалым дәрісте «Ботай» қорық-музейі аумағында жүргізген археологиялық зерттеулері жайлы сөз етті. Профессор Алан Оутрам Ботай мәдениетін адамзат тарихындағы дала өркениетінің маңызды бастауларының бірі ретінде бағалайды. Ғалымның еңбегі Ботай мәдениетін әлемдік ғылыми айналымға енгізуге зор ықпал етті.

Профессор Алан Оутрам ҚР Ұлттық музейінің «Мәдени мұра» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі саналады.