Оқушы қыздар кесте тігуді үйренді

Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» жобасы аясында «Қыз еркем – кестесімен көркем» атты шеберлік сабағы өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды кесте тігу өнерінің жасалу жолдарымен таныстыру әрі оның тәрбиелік маңызын түсіндіру.

Шараға Астана қаласы әкімдігінің №116 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары қатысты.

Өнертанушы, Ұлттық музейдің өнертану бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Назерке Мейірқызы кесте өнерінің тарихы, түрлері мен маңызы туралы баяндап, қазақ өрнектерінің әлеуметтік-мәдени мазмұнына тоқталды.

Қолөнер орталығының шеберлері Алмагүл Мұстафа және Алтын Мәденқызы қатысушыларға практикалық шеберлік сағатын өткізіп, кесте өнерінің қыз бала тәрбиесіндегі орны туралы айтты.

Шеберлік сабағы оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, тағылымды әсер қалдырды.