Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Дана» жобасы аясында ақын, қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, музейдегі жәдігерлерді насихаттап, рухани тәрбие беру, оқушыларды ақынның шығармашылығымен таныстыра отырып, көркем мәдениетті қалыптастыру, поэзия құдіреті арқылы қазақ халқының болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеу.

Кешке Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері, Менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттері, М.Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжінің студенттері, М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-лицейінің оқушылары, Ә.Бөкейхан атындағы Бином мектеп-лицейінің оқушылары, №73 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Жұртшылық назарына музей қорындағы ақынның жеке заттары, қолжазбалары әрі еңбектерінен көрме ұсынылды.

Ән, жыр, би, театрландырылған қойылымды қамтыған шығармашылық кеш жас ұрпақтың өнерге деген ерекше ықыласын танытты.