Мәдени қауымдастық өкілдері ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылады

Астанада кәсіби мәдени қауымдастық өкілдері Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын талқылады. Кең ауқымды қоғамдық диалог форматында өткен жиынға мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, мемлекеттік мәдениет, өнер, архив әрі білім беру салаларының басшылары мен мамандары, сондай-ақ ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбідғалиұлы қатысты.

Бұл басқосу барысында азаматтардың құқықтары және бостандықтарын қорғау, тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық бірегейлік әрі рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған конституциялық өзгерістердің негізгі қағидаттары қаралды. Конституцияны жаңарту жағдайында мәдениет пен гуманитарлық саланың қоғамдық сананы қалыптастырудағы және азаматтық жауапкершілікті арттырудағы рөліне ерекше мән берілді.

Жиын қорытындысында қатысушылар Конституцияның жаңа жобасын бірауыздан қолдап, оның қоғамдық сұранысқа сай екенін әрі елдің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған стратегиялық маңызын атап өтті.