Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Дана» жобасы аясында «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» атты музейлік дәріс-концерт өтті.
Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, музейдегі жәдігерлерді насихаттап, ұлттық аспаптарға деген қызығушылығын арттыру әрі құрметтеуге баулу.
Дәріс-концерт ұлттық сарын мен заманауи ырғақты үйлестіре білген ерекше стильдегі Астана қаласы әкімдігінің Өнер музейі қызметкерлерінің Joshy Qazaq National Group қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында өнерпаздар түрлі музыкалық аспаптардың шығу тарихын, дыбыс бояуын, жасалу ерекшелігін, қолданылуын түсіндіре отыра, көрермендермен кері байланыс жасады.
Сондай-ақ, іс-шара барысында ұмыт болған халқымыздың аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, қазақ өнерінің даму кезеңіне сүбелі үлес қосқан Болат Сарыбаев есімі аталып өтті.
ҚР Ұлттық музейі қорында сақталған Болат Сарыбаев топтамасындағы бірқатар жәдігерлерден жасақталған көрмені атриумнан тамашалау мүмкіндігі болды.