Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы Германияның Саксония жерінде орналасқан Хемниц мемлекеттік археологиялық музейіне сапармен барды. Сапар барысында музей директоры Сабине Вольфраммен кездесу өтіп, қос музей арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2026 жылы өзара ынтымақтастық аясында Қазақстан археологиясына арналған бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланып отыр. Ал 2027 жылы ҚР археологиясына арналған ауқымды көрме ұйымдастыру қарастырылды.
Музей экспозициясында Саксония өңірінің 300 мың жылдық тарихын қамтитын жәдігерлер ұсынылған. 2025 жылы Хемниц қаласы Еуропаның мәдени астанасы болып танылды.