5 маусым күні ұлттық графика шебері Исатай Исабаевтың 90 жылдығына арналған көрменің ашылуына шақырамыз.
Экспозицияда суретшінің көрмеге сирек қойылатын мырыш, шамшат және линолеум матрицалары, сондай-ақ Ұлттық музей қоры мен суретші отбасының жеке қорынан 80-нен астам туынды алғаш рет ұсынылады.
Бағдарлама:
- 10:00 - 17:00 Атриумда суретшіні еске алуға арналған Onergy Hub мультимедиялық инсталляциясы ұсынылады.
- 13:00 Өнер, мәдениет және музей ісі саласындағы халықаралық сарапшылардың, дипломатиялық корпус өкілдерінің, сондай-ақ Литва, Германия, Англия және Америка суретшілерінің қатысуымен гибридті форматтағы халықаралық дөңгелек үстел.
- 16:00 Суретшінің отбасы мүшелері, Қазақстан Суретшілер одағы, халықаралық сыншылар мен дипломатиялық корпустың қатысуымен көрменің ашылуы.