Афиша

«Таңбалы: Бабалар коды» көрмесі

«Таңбалы: Бабалар коды» көрмесі
4 маусым күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен «Таңбалы» музей-қорығы бірлесіп ұйымдастырған «Таңбалы: Бабалар коды» атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

Көрме Қазақстан және Орталық Азиядағы жартас өнерінің аса маңызды ескерткіштерінің бірі – Таңбалы археологиялық ландшафты петроглифтерін заманауи өнер призмасы арқылы жаңаша пайымдауға арналған. 

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген бұл бірегей мәдени мұра көне дәуір адамдарының дүниетанымы, рухани тәжірибесі әрі көркемдік ойлау жүйесін айқын бейнелейді.