Ұлттық музей ұжымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде ел егемендігін нығайту мен қоғамның дамуына әр азаматтың қосар үлесінің маңызын атап өтті.
«Енді алдағы уақытта да еліміздің егемендігін нығайтуымыз керек. Бұл – қазіргі әлемдегі бұлыңғыр ахуалда ішкі тұрақтылықты сақтай отырып, өсіп-өркендеу деген сөз. Осы жолда бүкіл қоғам, соның ішінде отаншыл, белсенді, білімді азаматтар қарқынды еңбек етуі керек», – деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Жоспарланған жұмыстардың қатарында мәдениет нысандарын салу және жөндеу де бар.
Ұлттық мұраны сақтау, тарихи сананы жаңғырту әрі ұлттық құндылықтарды дәріптеу – ел болашағына қызмет етудің маңызды бағыттарының бірі. ҚР Ұлттық музейі халқымыздың бай тарихын танытып, рухани мұрасын насихаттау мен оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.