Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы Париж қаласында Лувр музейінің Көрмелер және басылымдар жөніндегі директоры Алин Франсуа-Коленмен кездесті.
Тараптар қос музей арасындағы кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамыту, тәжірибе алмасу мен бірлескен мәдени жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Мәдениет нысандарының басшылары алдағы уақытта Қазақстан және Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға бағытталған болашақ жобалардың перспективаларына тоқталып, музейаралық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін қарастырды.
Бұл кездесу екі елдің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытудағы маңызды бастамалардың жалғасына айналды.