Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Палентология» залында «Динозаврлар әлеміне саяхат» атты театрландырылған экскурсия жүргізілді.
Экскурсия барысында Астана қаласының №76, №113 мектеп оқушылары Қазақстан аумағында палентологтар мен геологтар анықтаған ежелгі жануарлар туралы мағлұматтар алды. Оқушылар Жер планетасындағы тіршілік иелерінің даму тарихымен танысып, тиранозавр, гиппарион, бұғы, мүйізтұмсық сияқты тіршілік иелерін тамашалады.
Экскурсия жүргізушілер: Зарина Байхасынова, Лина Серік.