Отбасы күні аталып өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасымен музейге» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында келушілер отбасы құндылықтары, ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық тәрбие жайлы мағлұматтар алып, музей экспозициясындағы құнды жәдігерлер және тарихи-мәдени мұралармен танысты.

Экскурсия жүргізуші – Талшын Мұхамедиева.