Асық атудан ашық турнир ұйымдастырылды

Мектеп оқушылары арасында Ұлттық музей мен Астана қаласының Асық ату федерациясының ұйымдастырумен 5 мамыр – Республикалық Асық ату күніне арналған Асық атудан VIII ашық турнир өтті.

Сайыстың мақсаты – ұлттық ойындарды жастар арасында насихаттау, ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулу.

Турнирге Астана қаласының №18, №24, №42, №111, №113, №116 орта мектептері, №84, №85 мектеп-лицейлері, №63, №65, №83,№90 мектеп-гимназиялары, «Арқа Alan» балалар және жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы номинациялар бойынша үздіктер марапатталды.

«Бес асық» ойыны:

ІІІ орын – №113 орта мектебі;

ІІ орын – №18 орта мектебі;

І орын – Қ. Мұхамедханов атындағы №90 мектеп-гимназиясы.

«Бес табан» ойыны:

ІІІ орын – №113 орта мектебі;

ІІ орын – №42 орта мектебі;

І орын – №116 орта мектебі.

Арнайы номинациялар («Бес асық»):

«Шебер ойыншы» – М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушылары Амина Ерменова мен Амира Ерменова;

«Епті ойыншы» – М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушысы Жайна Әмір ;

«Алғыр ойыншы» – №111 орта мектебінің оқушысы Алина Тыныштық.

Арнайы номинациялар («Бес табан»):

«Қолмерген» – М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушысы Иманғали Аманбек;

«Сұрмерген» – №111 орта мектебінің оқушысы Ибрагим Жамакин;

«Көзмерген» – Ш. Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназиясының оқушысы Ерсұлтан Елтайұлы.

Сонымен қатар, асық ату ойынының дамуына қосқан үлесі үшін Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Мейрамбек Еңсебаев Астана қаласы «Асық ату» федерациясы атынан медальмен марапатталды.

Астана қаласы «Асық ату» федерациясының президенті Ескендір Рахметов музей турнирлерінде топ жарған балалардың республикалық әрі халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүргенін атап өтті.