Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Наурыз мерекесіне орай Наурызнама онкүндігі аясында «Наурыз – жыл басы» атты тақырыптық экскурсиялар апталығы өтті.
Экскурсия барысында музей қонақтары Наурыз мерекесінің жаңа жылдың бастауы ретінде ерекшелігімен танысып, табиғаттың жаңаруы, ұлттық ойындар мен қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарының мән-мағынасы туралы ақпарат алды.