Ұлттық музейде Наурыз мерекесіне орай Астана қаласының мектеп оқушылары арасында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты қалалық ашық турнир өтті.
Жарыс «Бес асық», «Тоғызқұмалақ», «Бестемше», «Бес табан», «Манкала» деген ұлттық ойынның бес түрінен ұйымдастырылды.
Осындай маңызды іс-шараны ашқан Ұлттық музей директорының қор қызметі жөніндегі орынбасары Әлібек Күзербаев, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ қауымдастығының вице-президенті Махсат Шотаев пен Астана қаласының асық ату федерациясының бас хатшысы Тоқтар Студентұлы мұндай шаралар ұлттық ойындарымызды жаңғыртуға және ұлттық ойын ойыншылары санын арттыруға тың серпін беретініне сенім білдіріп, қатысушыларға жеңіс тіледі.
Қазақ халқының ұлттық ойындары – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан баға жетпес мәдени мұра. Солардың ішінде асық, тоғызқұмалақ әрі бестемше ойындарының орны ерекше. Асық ойыны балалар мен жастарды мергендікке, ептілікке және шапшаңдыққа баулып, дәлдік әрі батылдықты қалыптастырады. Ал тоғызқұмалақ – терең ойды, есеп пен стратегияны талап ететін халқымыздың зияткерлік ойыны, ол адамның логикалық ойлау қабілетін дамытып, сабыр және зеректікке тәрбиелейді. Тоғызқұмалақтың ықшамдалған түрі болып саналатын бестемше де есепке негізделген, ойлау жүйесін дамытатын қызықты ойындардың бірі. Осындай ұлттық ойындар арқылы жас ұрпақ халқымыздың салт-дәстүрін танып, ұлттық рухты бойына сіңіреді, ал бұл – біздің мәдени мұрамызды сақтап, болашаққа жеткізудің маңызды жолы.
Сайыста топ жарған жеңімпаздарға қатысқандары үшін ризашылығымызды білдіреміз.
«Бес асық»
№83 мектеп-гимназиясының оқушысы Артықбай Көркем
№90 мектеп-гимназиясының оқушысы Ерлан Еркежан
№18 орта мектебінің оқушысы Тұрғанбай Сымбат
«Тоғызқұмалақ»
№77 мектеп-гимназиясының оқушысы Алтынбек Мерген
«Арқа Alan» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығының оқушысы Серікхан Абай
А. Байтұрсынұлы атындағы Бином мектебінің оқушысы Ернатұлы Қасым
«Бестемше»
№66 «Толағай» балабақшысының тәрбиеленушісі Сапарғали Бексұлтан
№66 «Толағай» балабақшысының тәрбиеленушісі Қаратай Жанайым
№93 орта мектебінің оқушысы Нұржан Дамир
«Бес табан»
№42 орта мектебінің оқушысы Шыңғыс Арман
«Арқа Alan» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығының оқушысы Өсерхан Мирас
«Арқа Alan» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығының оқушысы Қазыған Сұңғат
«Манкала»
Жеңсікбай Ғалымжан
Медиева Жанар әрі Сапар Айдос
Асқаров Бағлан мен Дәрімбетов Жанболат.