Äiel Tizginde көрмесі ашылды

Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Äiel Tizginde көрмесі ашылды. Бұл – қазақстандық Allur автокөлік компаниясының бастауымен қолға алынған әлеуметтік-мәдени және ашық көркем байқау форматында ұйымдастырылған көрме.

Биыл жоба түрлі бағытта жұмыс жасайтын жас және кәсіби суретшілерді біріктіріп, іріктеуге шамамен 200 суретші мен фотографтың жұмысы ҚР Ұлттық музейі алаңындағы көрмеге ұсынылды. Бұл экспозиция әйел бейнесі әрі таңдау еркіндігін әрі қазіргі қоғамдағы рөлін өнер арқылы талқылайтын ашық диалог алаңына айналды.

Ұлттық музей, Allur компаниясы мен Art Society арт-қоғамдастығының бірлесуі, мәдени институттар және жауапты бизнес серіктестігі мәдени ортаның дамуына серпін беріп, заманауи суретшілерді қолдауға әрі қоғамдық диалог үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға жол ашатынын көрсетеді.

Байқау қорытындысы:

1 орын – Шахида Қуанышбекова, «Точка кипения»

2 орын – Александр Малахов, «Адам / Человек»

3 орын – Жасмин Назар, «Ана»

Арнайы номинациялар:

«Бейне тереңдігі» – Алмас Нұрғожа, «Шарықтау / Парение»

«Идея бірегейлігі» – Анель Базылова, «Следуя за солнцем»

«Эмоциялық әсерлілік» – Арина Батюта, «Есік / Дверь»

Жүлделеріңіз құтты болсын!

Көрме наурыз айының соңына дейін жалғасады.