Ұлттық музейде ҚР-ның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруіне 35 жыл толуына орай «БҰҰ-ның Қазақстанда тұрақты дамуды ілгерілетудегі рөлі» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында келушілер Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы қызмет бағыттарымен, тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру тетіктерімен және еліміздің әлеуметтік, экономикалық әрі экологиялық дамуындағы халықаралық серіктестіктің маңызымен танысты. Сонымен қатар, жаһандық бастамалардың ұлттық деңгейде іске асырылу ерекшеліктері нақты деректер негізінде баяндалды.
Аталған тақырыптық экскурсия тұрақты даму құндылықтарын насихаттауға және қоғамның жаһандық үдерістерге деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.