Алғыс айту күні аталып өтті

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Алғыс айту күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Алғыс айту – ізгіліктің бастауы» атты тақырыптық экскурсия өтті.

Экскурсия барысында келушілер Алғыс айту күнінің мән-мағынасы, оның қоғамдағы татулық пен өзара сыйластықты нығайтудағы маңызына тереңірек үңілді.

Іс-шара қатысушыларға адамгершілік, мейірім және алғыс ұғымдарының маңызын терең сезінуге, өткен мен бүгінді байланыстыра отырып ой түюге мүмкіндік берді.

Алғыс айту күні – тек мереке емес, ол ортақ тарихқа, тағдыр тоғыстырған халықтар арасындағы сыйластыққа деген құрметтің көрінісі.