Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Тарихи тұлғалар» жобасы аясында заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Салық Зиманұлының туғанына 105 жыл толуына орай «Әділет пен парасат жолында» тақырыбында музейлік дәріс өтті.
Дәріске Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің ғылым докторы, профессор Ермек Абдрасулов, М.Нәрікбаев атындағы университеттің Assistant Professor заң ғылымдарының кандидаты, PhD Алмас Жұмағали әрі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Нәрікбаев атындағы университет студенттері, С.Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж ұландары қатысты.
Музейлік дәріс Салық Зиманұлының өмірі және ғылыми қызметін терең таныстыра отырып, оның Қазақстандағы құқықтық ғылымның дамуына қосқан зор үлесін дәріптеуге бағытталды.