Ұлттық музейде Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілер күніне орай «Жұлдызды гид» жобасы аясында ерекше кездесу өтті.
Жоба қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, коллекционер-этнограф, «Әдемі-ай» компаниясының директоры Бахаргүл Төлегенқызы Этнография залы №2-де арнайы экскурсия жүргізді.
Кездесу барысында қонақ ұлттық мұра мен этнографиялық жәдігерлердің тарихы, мазмұны және мәдени маңызы туралы терең мағлұмат беріп, өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараға медициналық колледж студенттері әрі А.Байтұрсынұлы атындағы BINOM School мектебінің оқушылары қатысып, этнографиялық құндылықтар туралы тың деректермен танысты.
«Жұлдызды гид» жобасы – мәдени мұраны заманауи форматта таныстыруға және жастардың тарихи танымын кеңейтуге бағытталған маңызды алаң.