Ұлттық музейде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша «Мейірім» әлеуметтік жобасы аясында Инклюзивті қоғамды дамыту жөніндегі Еуразиялық қауымдастықтың құрылтайшысы Серік Жүзбаймен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен жастарға инклюзивті қоғам құндылықтарын насихаттау, балаларды еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Кездесуге Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Абенова Ғ.Ж., «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Сеитова А.Б., «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры Ульжекова Н.Т., «Қазақстанның cаңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола аймақтық филиалының төрайымы Турлыбекова С.Д., Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының жетекші-сарапшысы Қайыпова Б.М. және Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінің студенттері қатысты.