«Сан қырлы сурет өнері» шеберлік сабағы ұйымдастырылды

Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Әсемдікке құштарлық» жобасы аясында «Сан қырлы сурет өнері» шеберлік сабағы өтті.

Сабаққа белгілі қазақстандық суретші, монументалды-сәндік кескіндеме шебері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Өнер академиясының академигі, Мәдениет саласының үздігі әрі «Құрмет» орденінің иегері, Лондон шығармашылық гильдиясының мүшесі Әділғали Баяндин қатысып, бейнелеу өнерінің негіздері бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Іс-шараға Астана қаласы №2 өнер мектебінің 8-9 сынып оқушылары мен №98 мектеп-лицейінің көркем сурет үйірмесіне қатысатын оқушылар келді.

Бірінші кезекте Әділғали Сәрсенұлы шығармашылық ізденіс және қажырлы еңбекті талап ететін өнер жолын баяндады.

Сабақтың практикалық бөлімінде Аля прима техникасында сурет салуды үйретіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Бейнелеу өнері залында өткен сабақ оқушылардың құнды ақпарат алып, тәжірибе жүзінде сурет салу техникасын дамытуға үлес қосты.