ҚР Ұлттық музейінде «Мәдени мұра» ғылыми журналы редакциясының ұйымдастыруымен «Ғылыми жарияланым: тәжірибе мен болашақ мүмкіндіктер» атты ғылыми-әдістемелік дәріс өтті.
Мақсаты: ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру және оларды халықаралық деңгейге шығару тәжірибесін талдау арқылы музей мамандарына әдістемелік ұсыныстар беру.
Дәріскер, ғылыми сарапшы, PhD докторы Гүлжан Кәрібаева (Дубай, БАӘ) халықаралық ғылыми деректер базаларындағы (Scopus, Web of Science, т.б.) журналдарға жарияланым әзірлеу мәселелері туралы айтты.
Дәріске Ұлттық музей қызметкерлерімен бірге Қазақстанның 20-дан аса музейлерінен мамандар онлайн форматта қатысты.