Ұлттық музейдің Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімі «Шаңырақ» жобасы аясында А. Байтұрсынов атындағы BINOM мектеп-лицейінің 8-сынып оқушыларына арналған «Ұлт құндылығы – жәдігер» атты квест сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты – жас ұрпақты тарихи жәдігерлермен таныстыра отырып, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар «Ежелгі және орта ғасырлар» мен «Қазақстан тарихы» залдарындағы құнды жәдігерлер туралы қызықты мәліметтер алып, жәдігерлерді тауып, сөзжұмбақтар шешті.
Квест соңында ғылыми қызметкер Г. Қажақанқызы «жәдігерлерді сақтау – өткенге құрмет, болашаққа жауапкершілік» екенін атап өтіп, сабақты қорытындылады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, танымдық іс-шара қызықты экскурсиямен аяқталды.