ҚР Ұлттық музейі «Алаш рухын арқалаған қайсар тұлға» тақырыбында Қайым Мұхамедханұлының туғанына 110 жыл толуына орай дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараға «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлы, әдебиет сыншысы, PhD Заңғар Кәрімхан , PhD Махат Садық, Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті Ғылыми кітапханасының директоры Шолпан Айкебаева, Ұлттық музейдің аға ғылыми қызметкері Сырым Хасенов қатысты.
Ғалымдар ұлы тұлғаның өмірі, шығармашылығы мен қазақ әдебиетіндегі мәтінтану ғылымының дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Шара барысында студенттер әрі жас зерттеушілерге Қайым Мұхамедханұлының Алаш идеясына адал қызмет еткен тарихи рөлі танылып, рухани құндылықтар құрметі артты.