Музейге келушілер Қазақстанның ғылым саласындағы жетістіктерімен танысты

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Тәуелсіз Қазақстан» залында Білім мен ғылым жылы аясында «Тәуелсіздік және ғылым: дамудың өзегі» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді.

Экскурсия барысында музей қонақтарына 1991 жылдан бергі ғылым саласындағы Қазақстан жетістіктері таныстырылды.

Экскурсия жүргізушісі: Әлия Махай.