«Шығыс өрнегі: зергерлік өнер дәстүрлері» көрмесі өтіп жатыр

Ұлттық музейде Орталық Азия, Кавказ және Иран халықтарының дәстүрлі зергерлік өнеріне арналған «Шығыс өрнегі: зергерлік өнер дәстүрлері» атты көрме ашылды.

Көрмеде ғасырлар бойы қалыптасқан шеберлік, нәзік талғам мен терең мағынаны бойына сіңірген зергерлік бұйымдар көпшілік назарына ұсынылып отыр. Әрбір жәдігер – халықтың тарихын ә рухани мұрасын танытады.

Көрме бір ай бойы жалғасады.

Шығыс мәдениетінің көркем әлемімен жақынырақ танысуға шақырамыз!