«Адырна» ұлттық порталының дәстүрлі байқауының 2025 жылғы жеңімпаздары анықталды. Байқау қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық музейі «Жылдың үздік музейі» аталымына лайық деп танылды.
Марапатты Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса музей директорының орынбасары Сайран Дүйсеновке табыстап, Ұлттық музейдің ел руханиятын нығайтуға қосып келе жатқан сүбелі үлесін ерекше атап өтті.