Афиша

«Алтын кентаврлар: Алтын Орда әскерлерінің қару – жарақ кешені» экскурсиясы

«Алтын кентаврлар: Алтын Орда әскерлерінің қару – жарақ кешені» экскурсиясы

Алтын Орда әскері қандай қару – жарақ пен сауыттар қолданған? Көшпенділер әскери өнерінің ерекшелігі қандай?


«Алтын кентаврлар: Алтын Орда әскерлерінің қару – жарақ кешені» атты жаңа авторлық тақырыптық экскурсияға шақырамыз!

 

Алтын орда залындағы бірегей экспонаттар мен интерактивті элементтерге сүйене отырып, біз ортағасырлық әскердің қару-жарағы мен қорғаныс құралдарымен танысамыз, адамзат тарихында ерекше орын алатын дәуірге саяхат жасаймыз. 


Экскурсияны музейдің кіші ғылыми қызметкері, тарихшы, магистр Әмір Досанов жүргізеді.

 

Ұлттық музейде кездескенше!