Афиша

«Ұлы даланың тылсым әлемі» экскурсиясы

«Ұлы даланың тылсым әлемі» экскурсиясы
Миллиондаған жыл бұрынғы Қазақстан қандай болған? Ежелгі Тетис мұхиты қай жерде болған? Қазақстан аумағын қандай алып тіршілік иелері мекендеген? Ал ежелгі мұхит пен қазіргі Каспий теңізінің арасында қандай байланыс бар?

21, 22, 26 және 28 тамызда ҚР Ұлттық музейінде «Ұлы даланың тылсым әлемі. Ежелгі Тетис мұхитынан алыптар дәуіріне дейін» атты тақырыптық экскурсиялар өтеді.
Экскурсияны жетекші ғылыми қызметкер, археолог, PhD докторы Руслан Дуванбеков жүргізеді.

Палеонтология залында сіз ежелгі дәуірдің айғақтарымен танысып, қазіргі Қазақстан аумағының миллиондаған жылдар ішінде қалай өзгергенін – ежелгі теңіздер мен динозаврлар дәуірінен мамонттар заманына дейінгі тарихын біле аласыз.

Ұлы даланың тарихы ғасырлармен емес, миллиондаған жылдармен өлшенетін әлемге саяхат жасауға дайынсыз ба? 

Палеонтология залы, Ұлттық музей
Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54
2026 жылғы 21, 22, 26 және 28 тамыз
12:00 – қазақ тілінде
15:00 – орыс тілінде 

Билеттерді музей кассасынан немесе Ticketon платформасы арқылы онлайн сатып алуға болады.