Афиша

Астанада Олимпиада тарихының бірегей жәдігерлері ұсынылады

Астанада Олимпиада тарихының бірегей жәдігерлері ұсынылады
2026 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Афинадан Астанаға дейін. Владимир Потанин коллекциясынан Олимпиада артефактілері» көрмесі ашылады.

Көрмеде қазіргі Олимпиада ойындарының 130 жылдық тарихын қамтитын 140 түпнұсқа жәдігер – медальдар, олимпиадалық алаулар, дипломдар және естелік заттар көпшілік назарына ұсынылады.

Экспозицияда қазақстандық спорт аңыздары – Владимир Смирнов, Бекзат Саттарханов, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Александр Винокуров, Денис Тен, Ольга Рыпакова, Геннадий Головкин және Елдос Сметовке қатысты фотосуреттер мен жәдігерлер де таныстырылады.

Келушілерді цифрлық форматтағы ерекше бөлім күтіп тұр: нейрожелілік технологиялардың көмегімен олимпиадалық дипломдардағы ежелгі құдайлар мен спортшылар бейнелері «жанданады».

Көрме «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирінің мәдени бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Астана, Тәуелсіздік, 54.

29 шілде 2026 жыл, 16:00.